Қазақстан жаңалықтары13 қазан 2023, 12:00

«Астана аруы – 2023» жеңімпазы жарияланды

«Астана аруы – 2023» байқауында сұлу атағын 23 жастағы Карина Бірімжанова жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақпан айынан бері кастинг өткізіліп, мыңнан астам бойжеткен іріктелген сайысқа тек 17 ару өтіпті. 

Карина Бірімжанова 2019 жылы Италияның Пиза қаласында Foundation in Science бағдарламасымен оқыған, Малайзияда ағылшын тілінде психология саласында бакалавр дәрежесін аяқтаған.

Графикалық дизайннан білімін жалғастыруда, әлеуметтік желідегі блогын белсенді жүргізіп, сән бизнесімен айналысады.

Бірінші вице-мисс Анна Зорина, екінші вице-мисс – Бинұр Жанболатова, үшінші вице-мисс – Наталья Павлишина болды.

Сұлуларды «Қазақстан аруы» байқауының президенті Айдай Исаева, «Қазақстан аруы-2022» атағының иегері Томирис Кәкімова, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева және басқалары бағалады.

Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин

Астана аруы – 2023 Карина Бірімжанова

Тақырыпқа жаңалықтар