Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 16:00

"Кейбіреулер өзінің қазақ екенін дәлелдей алмайды". Қазақ қызы Франция Сенатына сайлауға түсіп жатыр

Францияның Крей қаласы мэрінің орынбасары Есим Саваш Франция Сенатына сайланатын үміткерлердің қатарында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астанада өтіп жатқан «Отандастар» форумында сөз сөйлеген этникалық қазақ, Францияның Крей қаласы мэрінің орынбасары Есим Саваш кейбіреулер өзінің қазақ екенін дәлелдей алмайды деп мәлімдеді.  

«Францияда шамамен 13 жылдан бері жұмыс істеп келемін. 2014 жылы мен қалалық басқару органдарында қызметке араластым. Содан кейін қала әкімінің орынбасары болып сайландым. Биыл мен Крей қаласы жастарының мәселесін жеткізу үшін бар күшімді салдым, енді оны Сенатқа жеткізгім келеді. Жастар өз көзқарасын жақсы жаққа өзгертіп, саясатқа араласып, әлемнің дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар. Қазақстанда Еуропадағы қазақстандық жастар үшін жаңа жобалар қолға алынғанын білемін. Басты мәселенің бірі - кейбіреулер өзінің қазақ екенін дәлелдей алмайды. Осындай мәселе көп қазақтың басында бар. Сондықтан қазақстандық тарап бұл проблеманы жүйелі түрде шешсе екен», - дейді Крей қаласы мэрінің мәдениет мәселелері бойынша орынбасары Есим Саваш. 

Қазір Есим Саваш Франция Сенатына сайланатын үміткерлердің қатарында.

Есим Саваш қазақ қызы Франция сенат

Тақырыпқа жаңалықтар