Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2023, 21:13

Жанармай құю бекетінде пышақпен жүрген әйел ұсталды

Алматыда түнгі уақытта жанармай құю бекетінде пышақ ұстап жүрген әйел видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Пышақ ұстаған әйелдің видеосы әлеуметтік желіге шықты.

«Халық аренаның жанындағы жанармай құю бекетінде пышақ ұстаған әйел жүр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінеді жазбада.

Алматы ПД пышақ ұстаған әйелдің ұсталғанын хабарлады.

"Әйел ұсталды және патрульдік полиция экипажымен Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімге жеткізілді. Ол өзін дұрыс ұстаған жоқ. Әйел білікті көмек алу үшін психологиялық бейіндегі дәрігерлерге жіберілді", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Алматы жанармай бекеті Пышақ Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар