Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты белгілі болды

10 қазан 2025 18:29 / Евразия

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы венесуэлалық оппозиция жетекшісі, бұрынғы депутат Мария Корина Мачадоға берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мария Корина Мачадо — Чавес пен Мадуро режимдеріне қарсы тұруымен танымал болған венесуэлалық оппозициялық көшбасшы және өнеркәсіп инженері. Оған сыйлық «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын қорғау және диктатурадан демократияға бейбіт көшу жолындағы күресі мен тынымсыз еңбегі үшін» берілген. Ол 2011-2014 жылдары Ұлттық Ассамблеяның депутаты болды. Ал 2023 жылғы президенттік сайлауға қатысудан шеттетілді. Мария Корина Мачадо қаншама қысымға ұшыраса да демократия үшін күресін тоқтатпадыЧ

Дональд Трамптың өзі осы жылдың қаңтар айында Мария Корина Мачадоға арнап жазба жариялады.

"Венесуэлалық құқық қорғаушы Мария Корина Мачадо мен сайланған президент Гонсалес режимге наразылық білдірген жүздеген мың адамдарды көшеге шығарып, Венесуэла халқының еркі мен дауысын бейбіт түрде жеткізді. АҚШ-тағы ұлы Венесуэла — американдық қауымдастық еркін Венесуэланы қолдайды. Сонымен қатар, маған да қолдау көрсетті. Бостандық үшін күресушілер зардап шекпеуі керек. Олар қауіпсіз болуы және аман қалуға міндетті!», - деп жазды Трамп.

Серіктес жаңалықтары