Түркияда мектепте атыс болып, 16 адам жараланды
15 сәуір 2026 9:04 / Евразия
Түркияда мектепте атыс болып, 16 адам жараланды. Ал шабуыл жасаған жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Сиверек қаласындағы кәсіптік-техникалық мектепте болған. Шабуылды осында бұрын оқыған 17 жастағы оқушы жасаған.
Аңшы мылтығын ұстаған жасөспірім алдымен мектеп ауласына, кейін ғимарат ішіне оқ жаудырған. Салдарынан 12 оқушы, екі мұғалім және екі тұрғын жарақат алды.
Балалардың біразы терезеден секіріп қашып құтылған. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ жасөспірімді тоқтатуға тырысқан. Алайда ол өзіне қол жұмсаған.
Шабуылға досымен арадағы жанжал себеп болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет жұмыс істеп жатыр. Оқушылардың басым бөлігі эвакуацияланған.
26 тамыз 2026 9:15 / Евразия
БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия
“3 қыз, 2 ұл”: Бір отбасыда бесем дүниеге келді
9 шілде 2026 16:29 / Евразия