15 жылдан кейін бардағы есепшотын төлеп, кешірім сұрады
Италиядағы барға келуші 15 жылдан кейін есепшотты төлеп, иесінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
2008 жылы Италияның Тренто қаласындағы Simposio барына белгісіз ер адам достарымен бірге келіп, кейін есепшотын төлемей қашып кеткен.
«Осыдан 15 жыл бұрын сенбі күні түнде мен мұнда келіп, достарыммен бірнеше стакан шарап ішкенмін. Қалжың ретінде ақшасын бермей қашып кеттік. Бұл бізді қылмыскер етті. Сол күннен бері мен сіздің барыңызға аяқ басқаным жоқ», - деген мазмұнда бар иесі Андреа Босизиоп хат алды.
Хат авторы бардың иесінен кешірім сұрап, орнын толтыруға тырысты: ол конвертке 30 еуро салып, бұл сома 2008 жылы төлеуге тиісті сомадан төрт есе көп екенін нақтылады.
«Кешірімімді қабылдайсыз ба, жоқ па, мұны сізге қалдырамын. Біз тағы да көрісеміз, өйткені енді барға бойымды тік ұстап, еңсемді көтеріп барып қайтамын», – деп жазды ер адам.
Босизионың өзі бұл хатты алған күн оның 18 жылдық жұмысындағы ең жақсы күндердің бірі болғанын айтады.
Енді бар иесі хат авторын құшағын жайып, жақсы шарап құйып күтіп отыр.