Әлемдегі ең биік көпір салынып жатыр
Салынып жатқан әлемдегі ең биік көпір Гуйчжоудағы Хуацзян шатқалы көпірінің құрылысында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, кабельдік кран салмағы шамамен 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы (конструкцияны - авт.) белгіленген жерге дәл орналастырып, көпірдің келесі жылы ашылуы мен пайдаланылуына негіз қалап, жаңа кезеңге өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құрылысы 2022 жылы басталған Хуацзян шатқалының көпірі «жер шарының жыртығы» деп аталатын Хуацзян атты үлкен шатқалға салынып жатқанымен әйгілі. Бұл – Гуйчжоу өлкесіндегі Лючжи-Анлун тасжолының басқарылатын жобасы, деп жазады «Халық газеті» басылымы.
«Ұзындығы 2 890 метрлік көпір – су бетінен тік биіктігі 625 метр болатын аспалы көпір. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі ең биік көпірге айналады», - деп жазады «Халық газеті».