АҚШ Ресейді Украинаға қарсы химиялық қару қолданды деп айыптады

2 мамыр 2024 11:34 / Мир

АҚШ Мемлекеттік департаменті ресейлік әскерлер украин әскерлеріне қарсы тітіркендіргіш хлоропикрин деген улы зат қолданғанын мәлімдеді. Осылайша, Вашингтон Ресей химиялық қаруды қолдануға халықаралық тыйымды бұзды деп есептейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осыған байланысты АҚШ-тың жаңа санкциялар тізіміне Ресей Қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, Ресей қолданбалы акустика ғылыми-зерттеу институты және Ресей Қорғаныс министрлігінің 48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты, химиялық және биологиялық қару бағдарламаларымен байланысты, сондай-ақ төрт компания кірді.

Украина қарулы күштерінің мәліметі бойынша, кем дегенде 500 украин сарбаз ағзаларына улы заттардың әсерінен емделді.

Бір сарбаз көзден жас ағызатын газдан тұншығып қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары