Әр бүйректі $120 мыңнан сатып келген қылмыстық топ ұсталды

4 қазан 2023 10:50 / Мир

Пәкістанда әр бүйректі $120 мыңнан сатып келген қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Заңсыз жолмен бүйрек сатқан сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталып, оны құрамында медицина қызметкері де болған, кейбір донорлардың келісімінсіз ота жасалған, деп жазады BBC жаңалықтары.

Пәкістанның Пенджаб провинциясы үкіметінің басшысы Мохсин Накви дәрігер Фавад Мухтар бүйректі алу операциясын үйде, тіпті көп жағдайда донордың келісімінсіз жасағанын айтты.

Дәрігерге операция кезінде сыбайласы, мамандығы бойынша автомеханик көмектесіп отырған. Аурухана науқастары - операция құрбандарын көбінесе сол тартып отырған. Кем дегенде 328 адамға ота жасалып, оның ішінде үш донор қайтыс болған.

Тергеу нәтижесі бойынша, қылмыскерлер бүйректі шетелдік пациенттерге 10 млн рупийге (120 мың доллар), ал пәкістандықтарға 3 млн рупийге сатқан.

 

 

Автор
Серіктес жаңалықтары