ArcelorMittal акцияларының бағасы арзандап жатыр
Амстердам қор биржасында ArcelorMittal акцияларының құны төмендеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Компанияның бір акциясының бағасы 5,5% - 21,07 еуродан 19,9 евроға дейін арзандады.
Құнды қағаздар құнының әлсіреуі Костенко атындағы шахтада жарылыстың орын алуынан және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ активін Қазақстан меншігіне қайтару туралы ақпараттан кейін басталды.
Еске салайық, 28 қазан күні түнгі сағат 02.33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт тұтанып, артынан жарылыс болды. Жер астында жұмыс істеп жатқан 252 кеншінің 206-сы өз бетімен жоғары шықты.
Соңғы мәлімет бойынша 45 кеншінің денесі табылды, біреуі іздестірілп жатыр.
Ауруханаларға 28 адам жеткізілді.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қарағанды өңіріне барған Мемлекет басшысы Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді. Кейін Үкіметтің баспасөз қызметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның меншік құқығын ҚР меншігіне қайтару туралы келісімшарттың аяқталуға жақын екенін мәлім етті.
ҚР Үкіметі апаттан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетінін жариялады.