Байден Газа секторындағы құрбандар туралы мәліметке күмән келтіреді
Байден Газа секторындағы құрбандар туралы мәліметке күмән келтіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ президенті «палестиналықтар берген сандарға сенбейтінін» айтты.
Хамас лаңкестік тобының бақылауындағы Газа секторындағы денсаулық сақтау басқармасы Израиль шабуылдары 6500-ден астам адамның өмірін қиғанын хабарлады.
Атап айтқанда, олар 17 қазанда Газадағы ауруханада болған жарылыс 471 адамның өмірін қиғанын айтады.
Американың барлау агенттіктері жарылыс құрбандарының санын 100-300 адам деп есептейді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен кезде Байден «осы дағдарыстан кейін не болатынына», яғни израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы тұрақты бейбітшілік жолына назар аудару маңызды екенін атап өтті.
Байден Хамастың Палестина халқының өкілі емес екенін айтты.