Бразилияда X әлеужелісін бұғаттауға қарсы наразылық шерулері өтті

8 қыркүйек 2024 23:57 / Мир
Фото: Ettore Chiereguini/AP/picture alliance

Бразилияда X әлеужелісін бұғаттауға қарсы наразылық шерулері өтті. 45 мыңға жуық адам Сан-Паулу мен Бразилияның басқа қалаларының көшелеріне шығып, 30 тамызда елде Илон Маскқа тиесілі әлеуметтік желіге кіруді шектеу туралы бұйрық берген Федералды Жоғарғы сот судьясы Александр де Мораэстің отставкаға кетуін талап етті. Митингке қатысушылар «Демократия» және «Бостандық» деген жазуы бар плакатпен шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Акцияны қолдаған Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару: «Біз конституциямыздың шегінен шығатындарды тоқтатамыз», - деді.

Тамыз айының ортасында X әлеуметтік желісі елдегі өкілінің ұсталуынан қорқатынын алға тартып, Бразилиядағы өкілін кері шақырып алып, кеңсесін жапты.

Бұған дейін компания басшылығы Бразилия билігінің талабы бойынша бірқатар пайдаланушылардың, соның ішінде елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың оңшыл партиясымен байланысты заң шығарушылардың аккаунттарын бұғаттаудан бас тартты.

X Бразилия сотының талаптары ел конституциясына қайшы келетінін атап өтті.

,Ал сервис иесі Илон Маск Мораесті «агрессивті цензура» деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары