Брюссель орталығында атыс болды
Брюссельдің астаналық аймағындағы Иксель коммунасы полициясының дерегінше, сәрсенбі кешке Бельгия астанасының орталығында атыс болып, төрт адам жараланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, атыс жергілікті уақытпен 19:30-да Туазон д’Ор 3 авенюде басталған. Жараланғандардың бірі “Toison d’Or” галереясы жанынан табылды, екінші адам “Apple Store” дүкенінің жанында болған, үшіншісі Рю де Шевалье көшесінен табылды.
- 19:30 шамасында бізге де ла Туазон д’Ор авенюінде атыс болып жатқаны туралы ақпарат түсті. Біздің қызметкерлер бірден оқиға орнына аттанды. Үш адам жараланған. Оқиға желісі құрылды. Біз келгенде қылмыскерлер жасырынып үлгерген болатын. Оқиға орнында бірнеше жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр. Біз тергеу жүргізудеміз, - деді Брюссель полициясының өкілі Ильза Ван де Кир.
Алдын ала деректер бойынша, бұл - лаңкестік әрекет емес, жергілікті топтар, оның ішінде есірткі саудасымен айналысатындар арасындағы жанжал болуы мүмкін, деп жазды бельгиялық БАҚ.
Иксель коммунасының мэрі Христос Дулкеридис да оқиға орнында болып, журналистерге бұл жергілікті есірткімен байланысы бар топтардың арасындағы есеп айырысуға ұқсайтынын растады.