Дональд Трампқа сайлауға түсуге тыйым салды

20 желтоқсан 2023 9:39 / Мир

Американың Колорадо штатының Жоғарғы соты бұрынғы президент Дональд Трампты 2024 жылы АҚШ-та өтетін президент сайлауына үміткерлер тізімінен шығару шешімін қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл 2021 жылдың 6 қаңтарындағы оқиғаға Д.Трамптың рөліне қатысты болып отыр. Ол кезде экс-президенттің жақтастары Джо Байденнің жеңіске жетуіне қарсылық білдіріп, Капитолийге басып кірген еді. Бұл туралы ВВС жариялады.

Сот 4:3 дауыспен шешім шығарып, Республикалық партиядан үміткер Д.Трампқа «АҚШ үкіметіне қарсы зорлық-зомбылыққа араңдатудағы» рөліне байланысты Конституция оған 2024 жылғы сайлауға түсуге тыйым салады деп ұйғарды. 

Сот шешімі Колорадода 5 наурызда өтетін Республикалық партияның праймеризіне ғана қатысты. Алайда, бұл шешім Трамптың 5 қарашадағы жалпы сайлаудағы статусына әсер етуі мүмкін.

Шешімнің күшіне енуі апелляция берілгенге дейін кейінге қалдырылды.

Америкада президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. 

Серіктес жаңалықтары