Джо Байден одақтастарымен Украинаға қолдау көрсету туралы келіссөздер жүргізді

4 қазан 2023 9:15 / Мир

Джо Байден одақтастарымен Украинаға қолдау көрсету туралы келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Телефон арқылы сөйлесуге Германия канцлері Олаф Шольц, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг, сондай-ақ Канада, Италия, Жапония премьер-министрі, Францияның сыртқы істер министрі, Польша және Румыния президенттері қатсты.

Бір сағатқа созылған әңгіме барысында АҚШ президенті Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды, деп түсіндірді Польша президенті Анджей Дуданың кеңсесі.

Өз кезегінде Риши Сунактың баспасөз қызметі Ұлыбританияның Украинаға көмегі «қажет болғанша жалғаса беретінін» хабарлады.

Ақ үй телефон арқылы әңгіме «Украинаға тұрақты қолдау көрсетуді үйлестіруге» арналғанын айтты.

Автор
Серіктес жаңалықтары