Еуроодақтан баспана сұрағандар саны бір жылда миллионға жетті

26 желтоқсан 2023 12:30 / Мир

Еуроодақта баспана сұрағандар саны бір жылда миллионға жетті, Германия бірінші орында тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Қаңтар айының басынан қазан айының соңына дейін ЕО-ға 937 мың адамнан баспана сұрап өтініш түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық. Тек қазан айында 123 мыңға жуық өтініш түскен – бұл соңғы 7 жылдағы рекорд көрсеткіш, деді Funke group басылымдарына берген сұхбатында ЕО-ның баспана жөніндегі агенттігінің басшысы Нина Грегори.

Ол 2023 жылы өтініштің жалпы саны «міндетті түрде миллионнан асады» деп есептейді.
 
Германияның көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералдық басқармасына қаңтар айынан қараша айының соңына дейін 325 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға артық.

Германия босқындардың басты нысанасы болып қала береді. Мәселен, қазан айында Еуропа елдеріндегі барлық өтініштердің 27 пайызы Германияға берілген. Бұл Франция мен Италияны біріктіргеннен көп, дегенмен екі ел түскен өтінімдердің сәйкесінше екінші және үшінші үлесіне ие.

Серіктес жаңалықтары