Ғалымдар: Интервалды ашығу салмақ жоғалтып, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі
Ғалымдардың айтуынша, интервалды ашығу салмақ жоғалтып, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Лондон Король колледжінің (KCL) ғалымдары интервалмен ашуғудың көңіл-күйді жақсартатынын, энергияны арттыратынын және аштықты азайтатынын анықтады. Бұл туралы колледж сайтында хабарланды.
Бұндай тәжірибеге қатысқан 37 545 адам бірінші аптада әдеттегідей тамақтанып, кейін жеті күн интервалмен ашыққан. Олар смартфонындағы арнайы қосымшаға тамақтану уақыты, өзін-өзі бағалайтын энергиясы, көңіл-күйі мен аштығы туралы күнделікті есеп жіберіп отырған. Деректерді талдау азық-түлікті 10 сағаттық кезеңмен шектеу және қалған 14 сағат бойы ашығу әл-ауқатты айтарлықтай жақсартып, аштықты басатынын растады.
Интервалмен ашығуды қатаң ұстанған қатысушылардың 51 пайызы екіден 16 аптаға дейінгі кезеңде аздап салмақ жоғалтқан.
Бұл нәтиже басқа зерттеулерге де сәйкес келеді. Ол кезде тамақтану уақытын шектеу аурудың қаупі жоғары адамдарда 2 типті қант диабетінің алдын алуы мүмкін екенін көрсетті.