Газа секторындағы ең үлкен мешіт қирады

9 желтоқсан 2023 18:49 / Мир

 Израиль әскери ұшақтары Газа қаласындағы ең көне әрі ең үлкен мешітті қиратты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Палестина қауіпсіздік органдарындағы дереккөздері айтты деп жариялады Синьхуа ақпарат агенттігі.

«Газа секторындағы ең үлкен, ең көне мешіт саналатын Омардың Үлкен мешіті Израиль әскерінің шабуылынан кейін қирап қалды», - деп хабарлады Синьхуа ақпарат көздері.

Аумағы шамамен 4 100 шаршы метрді құрайтын Омар мешіті 1400 жылдан астам уақыт бұрын салынған. 

ХАМАС Израильдің «Газа қаласындағы маңызды тарихи ескерткіштер мен діни орындарға» жасаған шабуылдарын айыптап, Израиль армиясының осы уақытқа дейін Газа секторындағы 104 мешіт пен 3 шіркеуді қиратқанын атап өтті.

Палестинаның Мәдениет министрі Атеф Әбу Сейфтің айтуынша, Израиль шабуылдары Газа қаласының ескі кварталының көп бөлігін, соның ішінде тарихи ғимараттар, мешіттер, мұражайлар және археологиялық орындардың күл-талқанын шығарды. 

Серіктес жаңалықтары