Грузияда қазақстандық жүргізуші 16 жылға сотталып кетті

9 қазан 2026 9:54 / Мир

Грузияда Щучинск қаласының жүк көлігі жүргізушісіне ауырсынуды басатын дәрі үшін үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Щучинск қаласының тұрғыны, қазақстандық жүк көлігі жүргізушісі Иван Чекулаев Грузияда 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Иванның жұбайы Юлия Чекулаева хабарлады.

Еске салайық, ер адам сәуір айында Поти портында кедендік тексеру кезінде ұсталған. Оның жанынан Грузияда бақыланатын заттар қатарына жататын Tilidin атты ауырсынуды басатын дәрі табылған.

Жұбайының айтуынша, Иванға бұл препаратты Германиядағы дәрігерлер омыртқасындағы күрделі мәселелерге байланысты тағайындаған. Алайда ер адамда дәріге арналған тиісті рецепті болмаған.

Осы препаратқа байланысты Қазақстан азаматына қатысты Грузия Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша іс қозғалды. Бұған дейін оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін екені хабарланған еді.

Алайда үкімге әлі де шағым түсіруге болады. Апелляциялық шағым беруге бір ай уақыт бар.

Серіктес жаңалықтары