“Ирандағы Израиль шабуылы”: Соңғы деректер

16 маусым 2025 12:33 / Мир

Ирандағы Израиль шабуылынан 224 адам қаза тауып, 1200-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Израильдің Иранға жасаған 65 сағаттық әуе соққылары салдарынан 224 адам қаза тауып, 1 200-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Хосейн Керманпур мәлімдеді.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің 90 пайыздан астамы бейбіт тұрғындар.

Ормуз бұғазы жабылуы мүмкін: Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Эсмаил Косари бұғазды жабу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Дипломатиялық келіссөздер тоқтады: АҚШ пен Иран арасындағы Маскатта өтуі тиіс келіссөздер өтпейтіні хабарланды. Иран Президенті Эммануэль Макронмен сөйлесу кезінде Израиль шабуылдары тоқтамайынша АҚШ-пен ешқандай келіссөз болмайтынын мәлімдеді.

Жоғары лауазымды тұлғалар көз жұмды: Израиль соққысынан Ислам революциясы Қамқоршылар корпусының барлау басшысы мен оның орынбасары қаза тапты.

 

 

Серіктес жаңалықтары