Израиль үкіметі Палестинаны қолдаған топ-модельге қатал жауап берді
Израиль үкіметі Палестинаны қолдаған топ-модельге қатал жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
28 жастағы америкалық Джиджи Хадид танымал брендтермен жұмыс істейтін әлемдегі ең жоғары жалақы алатын модельдердің бірі. Оның әкесі миллионер Мохамед Хадид, Палестинада туған.
Instagram желісінде қызды 80 миллионға жуық адам бақылайды. Бір күні ол Stories-те «Израиль үкіметінің палестиналықтарға жасаған қарым-қатынасында еврейлік ештеңе жоқ» және «Израиль үкіметін айыптау антисемитизм емес, палестиналықтарды қолдау Хамасты қолдау емес» деп жазды. Ұқсас мазмұны бар жазбаны әлі де парақшасынан көруге болады.
Бойжеткенге Израиль үкіметінің Instagram-дағы ресми аккаунтында қатқыл жауап келді.
«Сәлем, Джиджи, келесі сторис тек саған арналған. Сен соңғы аптада ұйықтадың ба? Әлде үйлерінде бауыздалған еврей балаларына көз жұма қарау саған қалыпты жағдай ма? Сенің үнсіздігің қай жерде тұрғаныңды анық көрсетеді. Біз сені көріп отырмыз», - деп жазды олар Хадидтің сөздерін былайша қайталап: «Хамастың кім екендіктерін айыптау (ИГИЛ) Палестинаға қарсылық емес».
Израиль үкіметінің аккаунты балаладың ойыншықтары шашылған қан шашыраған еденнің сұмдық кадрларын жариялап: «Егер сен мұны айыптамасаң, сенің айтқан сөздерің еш нәрсені білдірмейді» деп жазды.