L'Oreal косметикалық компаниясының мұрагері Франсуаза Бетанкур Майерс әлемде дәулеті 100 млрд долларға жеткен бірінші әйел болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жария етті.
Bloomberg-тің миллиардерлер индексі мәліметіне сәйкес, бейсенбіде оның байлығы 100,2 млрд долларға дейін өскен. Бұған 1909 жылы оның атасы негізін қалаған L'Oreal компаниясы акцияларының рекордтық жоғары бағасы септігін тигізді.
70 жастағы Франсуаза Бетанкур Майерс құны 268 млрд долларды құрайтын компания төрағасының орынбасары қызметін атқаруда. Ол және оның отбасы акциялардың 35%-ына ие.
L'Oreal мұрагері Forbes журналының нұсқасы бойынша 2021, 2022 және 2023 жылдары үш рет әлемдегі ең бай әйел атанды.