Макрон Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысымен кездесті

25 қазан 2023 19:00 / Мир

Макрон Хамас шабуылынан кейін Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысымен кездескен алғашқы Батыс көшбасшысы болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Франция президенті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында Махмуд Аббаспен кездесуде: «Бұл шабуыл палестиналықтар үшін де апат болды», - деді.

Палестиналықтардың болашағы олардың лаңкестікпен күресудегі табандылығына байланысты, деген Макрон Газа секторындағы бейбіт халықтың азап шегуін ештеңе ақтай алмайтынын атап көрсетті.

"Палестиналықтардың өмірі француздар мен израильдіктердің өмірі сияқты құнды".

Өз кезегінде Махмуд Аббас Макронды Израильдің Газаға қарсы «агрессиясын» тоқтатуға шақырды.

«Біз сізді, президент Макронды, осы агрессияны тоқтатуға шақырамыз», - деді ол.

Бұған дейін Франция президенті Иерусалимде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және сол елдің президенті Исаак Герцогпен кездескен. 

Осы келіссөздерден кейін Макрон ХАМАС-қа қарсы күресте халықаралық альянс құруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары