Маск пен Цукерберг террорлық контентті өшіріп отырады

13 қазан 2023 14:00 / Мир

Еуроодақ технология алыптарын лаңкестік контентке қарсы шара қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әйтпесе күрделі заң санкциялары салынуы мүмкін. ХАМАС Израильге шабуыл жасағаннан соң аталмыш мәселе көтерілді.

Мұндай талап қақтығысқа қатысты фейк жаңалық пен видеолар көптеп тарап кеткеннен кейін енгізілген.

ЕО ескертуі ірі технология компанияларының басшыларына, оның ішінде Илон Маск пен Марк Цукербергке бағытталды. Олар енді еуропалық заңнаманың орындалуын қатаң бақылауы керек.

Маск пен Цукербергке жазған хатында Ішкі нарық мәселелері бойынша Еуроодақ комиссары Тьерри Бретон оларға өз платформаларындағы зиян контентті бұғаттап, ол туралы Еуроодаққа хабар беруге 24 сағаты бар екенін мәлім етті, BBC.

Бұл ережелер орындалмаса компанияның жылдық табысының алты процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары