Мәскеуде соғыста жүргендердің әйелдері пикетке шықты
Мәскеуде мобилизацияға жұмылдырылғандардың әйелдері күйеулерін үйіне қайтаруды талап етіп пикетке шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мәскеуде мобилизацияға жұмылдырылғандапдың бірнеше әйелдері күйеулерін майданнан елге қайтаруды талап еткен плакатпен шықты.
Осы ретте Қазан төңкерісінің бір жылдығына арналған Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының акциясы өтті.
Пикет бес минуттан аспады.
«Сосын полиция келді, олар басты ұйымдастырушыны шақырып, бізді шетке алып кетті. Зюганов бізге келді, кесенеге гүл шоқтарын қойғаннан кейін оған өз өтінішімізді жеткіземіз деп келістік», - деді акцияға қатысушы.
Қазан айында жұмылдырылғандардың туыстары акцияны үйлестіруге тырысты, бірақ Мәскеу билігі Ковид шектеулеріне сілтеме жасап, оларға рұқсат бермеді.