Молдова Ресейді ЕО-ға кіру референдумына қатысты айыптады
Молдова Ресей Федерациясын ЕО-ға кіру референдумына қатысушыларды "сатып алды" деп айыптады. Бір ғана қыркүйек айында Ресей алдағы референдумда Молдованың ЕО-ға, енуіне қарсы дауыс беруі үшін,130 мың молдован азаматтарының шоттарына «мафия» желісінен аударрылған ен сомасы 15 миллион доллардан асады. Бұны құқыққорғаушылар анықтаған., - деп хабарлайды Arbat.media.
Молдова полициясының генинспекторат басшысы Виорела Чернэуцяну, "елімізде бұрын-соңды болмаған гибрид соғыс пен дезинформациялы жемқорлықпен кездесіп отыр" деді.
Тергеу нәтижелері бойынша, Илан Шор банктер желісі арқылы сайлаушыларға пара беруге арналған қаражатты аударуға көмектескен.
Сәуір айында ол Мәскеуде молдовалық «Жеңіс» партиясының ресейлік блогын құрып, оның төрағасы болды.
Сонымен бірге, Молдовада олигарх банктегі алаяқтығы үшін 15 жылға сотталған.
Ал Шордың өзі Молдованы "Батыстың кезекті базасы мен провинциясына айналу үшін Бастыс институттарынан қаржы алып отыр" деп айыптаған болатын.