Навальныйдың серіктестері оны ешбір тергеу изоляторынан таба алмай жүр
Навальныйдың серіктестері оны Мәскеудің ешбір тергеу изоляторынан таба алмай жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW арнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының директоры Иван Жданов мәлімдеді.
Ол жолдастарымен бірге Мәскеудегі тергеу изоляторларының көпшілігін тексеріп, ешқайсысынан Алексей Навальныйды таппады.
Оның айтуынша, 12 желтоқсанда жарияланған «Базаның» (орысша басылым – ред.) Алексейдің Мәскеуде екені және онымен тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны туралы нұсқасы расталмаған.
Навальныйдың баспасөз хатшысы өз кезегінде Навальный «дәрігердің бақылауында» деген қауесетті жоққа шығарды.
«Біз бұл қауесеттерге сенбейміз және бізде оны растайтын ештеңе жоқ; оппозиционер үш жыл бойы ешқандай медициналық көмек алмаған және бір жылдан астам уақыт бойы тіпті тіс дәрігеріне барудан бас тартылды», - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
5 желтоқсаннан бері Навальныйдың қайда екені мен денсаулығы туралы ақпарат жоқ.