Оңтүстік Корея ит етін жеуге тыйым салады
18 қараша 2023 11:00 / Мир
Оңтүстік Корея үкіметі 2027 жылға қарай Кореяда ит етін тұтынуды толығымен тоқтату үшін жылдың соңына дейін арнайы заң енгізуге келісті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы The Korea Herald басылымы жариялады.
Президент әкімшілігі мен басқарушы партиясының өкілдері ит өсіру мен союға, сондай-ақ ит етін жеткізу мен сатуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруға келісті.
Өз қызметін өзгертуге немесе тоқтатуға мәжбүр болатын кәсіпорындарға үкімет қаржылық қолдау көрсетеді.
Өткен жылы Кореяда тұтыну үшін ит өсіретін 3500-ге жуық ферма тіркелген.
Олар елдегі 3000-ға жуық мейрамхананы ит етімен қамтамасыз етеді.
Былтыр жүргізілген сауалнамаға сәйкес, елде 18 және одан жоғары жастағы адамдардың 64 пайызы ит етін жеу дұрыс емес деп санайды.
2 қараша 2026 14:25 / Мир
Германияда 3,7 миллион жұмысшы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
2 қараша 2026 12:25 / Мир
Жеке ұшақ тұрғын үйлерге жақын жерге құлап, тоғыз адам көз жұмды
2 қараша 2026 11:18 / Мир
Шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 10 адам қаза тапты
30 қазан 2026 13:28 / Мир
Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне бармайды
30 қазан 2026 10:25 / Мир
Түркияның Каппадокия аймағында жартас опырылып, үш адам қаза тапты
29 қазан 2026 10:25 / Мир