Оңтүстік Кореяда мұғалімді азаптап өлтірген
Деректі детектив жанрының жанкүйері 23 жастағы Чон Ю-чонға қатысты Оңтүстік Корея соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол өзінің айтуынша «әуестікпен» кісі өлтірген, деп хабарлайды ВВС.
Қылмыс Пусан қаласында болған. Тергеушілердің айтуынша, сотталушы адам өлтірумен әуестенген.
Мамыр айында ол іздеу қосымшасы арқылы жас мұғаліммен танысып, үйден оқытуға келісіп, оны пышақтап өлтірген. Бұл қылмыс елді елең еткізді.
Прокурорлар оны өлім жазасына кесуді сұрады. Мұндай жаза түрі Оңтүстік Кореяда ресми түрде жойылған жоқ, бірақ 1997 жылдан бері қолданылмайды.
Атасымен тұрған Чон Ю-чон жұмыссыз әрі қоғамнан оқшау өмір сүрген.
Айыптаушы Чон Ю-чонның әуесқойлық ойын жүзеге асыру үшін құрбан болатын адамды бірнеше ай бойы іздегенін айтты. Ол 50-ден астам репетиторға, әсіресе әйел адамдарға үйден оқытуды сұрап хат жазған. Бірнеше күннен кейін Чон Ю-чон мектеп формасымен мұғалімнің үйіне келіп, есікті жапқан бойда жәбірленушіге шабуыл жасаған.
Айыпталушы жәбірленушіге 100-ден астам пышақ жарақатын салған. Артынша мәйітті бөлшектеп, чемоданға салып таксимен қаланың солтүстік бөлігіндегі шалғай орманды аймаққа апарып тастаған.
Ол такси жүргізушісі қан ағып тұрған чемоданды алып жүргені туралы полицияға арызданғаннан кейін қамауға алынды.