Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ әскери қоймасы жанып жатыр

25 қазан 2024 3:02 / Мир
Фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы АҚШ әскерінің қоймасынан өрт шықты. Қоймада әдетте Пусан порты арқылы тасымалданатын құрылғы сақталып келген. Өртті сөндіруге 160-тан астам өрт сөндіруші және 51 техника тартылған.  Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30 кезінде басталған. АҚШ әскерилері бұл уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қоймада ештеңе болмағанын айтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оңтүстік Кореяда литий батареяларын шығаратын зауытта болған өрттен 20-дан астам адам көз жұмды, - деп жазады Kazinform агенттігі BBС-ге сілтеме жасап.

Жергілікті телеарнаға шыққан видеодан көрінгендей, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға кірісіп жатқанда бірнеше жарылыс болып, айналаны қою түтін басқан. Ғимарат шатырының бір бөлігі опырылып түскен.

Оңтүстік Корея әлемдегі литий батареяларын өндіруде жетекші ел. Бұл батареялар электр көліктерінен бастап ноутбуктерге дейін көптеген техникада қолданылады.

Өрт сөндіру бөлімінің өкілі Ким Джин Ён қаза болғандар арасында екі оңтүстіккореялық жұмысшы, 1 Лаос және 18 Қытай елінің азаматы бар екенін айтты. Кем дегенде тағы бір адам із-түзсіз жоғалған.

Тағы сегіз адам жарақат алған. Оның ішіндегі екеуінің жағдайы ауыр. Өрт кезінде ғимаратта барлығы 100-ге жуық адам жұмыс істеп тұрған.

Әзірге жарылысқа нақты не себеп болғаны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары