Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Джилл Байден АҚШ делегациясын басқарады

24 шілде 2024 15:38 / Мир
Фото: Whitehouse

АҚШ бірінші ханымы Джилл Байден жұма күні Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында АҚШ делегациясын басқарады. Бұл туралы ресми мәлімдемені Ақ үй Джо Байден президенттік сайлауға түсуден бас тарту туралы шешім қабылдағаннан екі күн өткен соң жасады. Бірінші ханым делегациясының құрамына бірнеше танымал тұлғалар кіреді, соның ішінде Лос-Анжелес мэрі Карен Басс бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алайда, Ақ үй мәлімдемесінде Джилл Байденнің бейсенбі күні кешке Луврда әлемнің түкпір-түкпірінен келген көшбасшылар үшін ұйымдастырылатын кешкі асқа қатысатын, қатыспайтыны туралы айтылмаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ақ үйдің тағы бір мәлімдемесінде вице-президент Камала Харристің күйеуі Дуглас Эмхоффтың 11 тамызда өтетін Ойындардың жабылу салтанатында АҚШ-тың ресми делегациясын басқаратыны айтылған.

Оның «командасында» әйелдер футболынан екі дүркін Олимпиада чемпионы Брианна Скарри болады.

Серіктес жаңалықтары