"Поляк тілі жыныма тиеді". Польшада украиналық топтың концертіне тыйым салды

12 қараша 2023 12:10 / Мир

Польшада украиналық «Пошлая Молли» тобының концерті әншінің әзіліне байланысты өтпей қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бір күн бұрын Кирилл Бледный сторисіне мынадай сөздер жазды: «Польшада не нәрсе жыныма тиеді дейсіңдер ме? Поляк тілі жыныма тиеді. Мен түсінбеймін, неге орыс тілі тұрғанда, мынадай (былапыт сөзбен) тілде сөйлейді. Орыс тілін үйреніп, қалыпты тілде сөйле. Ұқсам бұйырмасын. Ресей империясы бар, бұрынғыдай соған қосылып, кәдімгі тілде сөйле, малғұндар».

Оның мәлімдемелерінен кейін Польшада «Пошлая Моллидің» 5 концерті тоқтатылды: Гданьск, Познань, Краков, Вроцлав және Варшавада.

Кейінірек Бледный бұл әзіл екенін айтып, кешірім сұрады. Оның айтуынша, бұл «имперлік орысқа» пародия болған.

«Барлық поляктарға құрмет, барлық мәдениетке құрмет, жалпы барлық ұлттарға құрмет», - деп қосты музыкант.

«Пошлая Молли» толық ауқымды шабуыл басталғаннан кейін Ресейдегі барлық концерттерін тоқтатқан болатын.

Топ Украинаны қолдау мақсатында Еуропа қалаларында өнер көрсете бастаған еді.

Серіктес жаңалықтары