Қытайда ауру таралуда. Мамандар «анықталмаған пневмония» эпидемиясын ескертеді

23 қараша 2023 15:37 / Мир

Қытайда ауру таралуда — амандар «анықталмаған пневмония» эпидемиясы туралы ескертеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бейжіңнен «диагностикаланбаған» респираторлық аурулардың өсуі туралы мәліметке сұрау жіберді. Қытайда балалар арасында пневмония дертіне шалдыққандар саны қарқынды өсуде. Сәрсенбіде ұйым Қытай халқын «қауіпті азайту шараларын» қабылдауға шақырды.

Елдегі ауруханалар науқас балаға толып кетті, деп хабарлайды The Telegraph. Қытайдың солтүстігінде қазан айының ортасынан бері тұмауға ұқсас аурулардың саны күрт өскен. Қытай билігі бастапқыда бұны Ковид-19 шектеулерінің алынып тасталуымен және тұмау мен бактериялық инфекциялар сияқты патогендердің таралуымен байланыстырды.

Бірақ қазір жағдай ушығып бара жатқан сияқты. "Промед" індетті бақылаудың жаһандық жүйесі балалардағы «анықталмаған пневмония» эпидемиясы туралы ескертеді.

«Бұл есеп анықталмаған пневмонияның кең тарағанын көрсетеді. Бұл індеттің қашан басталғаны мүлдем белгісіз», - делінген ұйымның есебінде.

Бейжіңде және Ляониннің солтүстік-шығысында, сондай-ақ жағалаудағы Сямэнь қаласында ауруханалар науқасқа толып кеткен. Көптеген мектепте сабақ тоқтатылды, себебі тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де пневмониямен ауырып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары