Рейтинг: Әлемдегі ең бай отбасылар

9 желтоқсан 2023 18:36 / Мир

Әбу-Дабидің билеуші әл Нахайян әулеті 2023 жылғы әлемдегі ең бай отбасылар рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әулет өкілдерінің бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид әл Нахаян.

Бұл әулеттің байлығы 305 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Екінші орынды Walmart дүкендер желісінің иесі Уолтон отбасы иеленді.

Bloomberg отбасының байлығы 259,7 миллиард долларға жететінін атап өтті.

Hermes сән үйінің негізін қалаған Гермес отбасы 150,9 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.

Одан кейінгі орындарды 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars брендіне иелік ететін Марс отбасы, сондай-ақ Катар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті Ас-Санидың отбасы (133 миллиард) иеленді. 

Жыл басынан бері ресейлік миллиардерлердің жалпы байлығы 38,5 миллиард долларға артқан.

«Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперов ең бай адам атанды.

Оның байлығы қаңтардан желтоқсанға дейін 9,14 миллиард долларға өсіп, 24,5 миллиард долларға жетті. 

Серіктес жаңалықтары