Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті

23 қыркүйек 2024 12:12 / Мир
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ресейде ажырасу рекордтық көрсеткішке жетті. Росттаттың мәліметінше, үйленген 1000 жұптың 900 ажырасады екен. Елдің демографиялық дағдарысқа ұшырағанын ескерсек, халық саны бірнеше жылда тағы азаяды дейді мамандар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Ресей ажырасу бойынша Португалия Испания, Люксембургтан кейін әлем бойынша төртінші орында. Бір жылда бір миллионнан астам жұп ажырасқан. Мамандардың айтуынша, басы себептердің қатарында экономикалық қиындықтар, инфляция, өмір сүру сапасының төмендеуі.

«Отбасыларды, әсіресе балалары бар отбасыларды сақтау үшін әртүрлі шаралар ұсынылады. Тіпті Мемлекеттік Думада арнайы медиацияға қатысты комитеттер құрылған», - дейді кәсіби меидатор Мира Моисеева.

Ең көп ажырасу Мәскеу, Тува, Дағыстанда тіркелген. Сондықтан мемлекет тарапынан жас отбасыларға баса көңіл бөлінбек. Кей шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер жұмысқа тек жас отбасыларды қабылдайды.

«Біз кәсіпорынға жас ерекшеліктеріне қарай қабылдаймыз. Жас отбасыларды көшіріп, үй болса екен дейміз. Немесе үйленбеген бойдақтар келсе, олардың да отбасы құруына көмек береміз», - дейді кәсіпкер Александр Росляков.

Парламентте психологтардың қатысуымен ажырасу туралы жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Бастамада кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар ажырасудың алдында отбасын сақтау үшін отбасылық психологпен кеңесу керек деп көзделеді. Сондай-ақ, депутаттар бүкіл Ресейде ұзақ неке үшін арнайы төлемдер енгізуді ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары