Ресейде қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы 4 мың шешімнің күші жойылды

20 қыркүйек 2024 7:01 / Мир
Фото: picture-alliance/dpa/Tass/A. Shcherbak

Ресейде қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы 4 мың шешімнің күші жойылды.  Соңғы екі жылда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы 14 мыңнан астам адамға қатысты оңалту туралы шешімдерді тексерді, деп жазады «Коммерсант» газеті ведомствоның ресми өкілі Андрей Ивановқа сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, бұрын ақталған адамдардың арасында «басқыншылық кезінде неміс фашистік билігіне көмектескен вермахт жауынгерлері, Бандера, Власов және басқа да кеңес азаматтар» бар екені анықталды.

20 маусымда Ресей үкіметі саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасын қабылдады.

Айта кетсек, Кеңес дәуіріндегі жаппай қуғын-сүргін, діни және «таптық жат» белгілері бойынша қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру және жасанды ашаршылық, сондай-ақ миллиондаған ГУЛАГ тұтқындары мен жер аударылған халықтар туралы ескертулер алынып тасталды.

Серіктес жаңалықтары