Ресейде сотталғандар Украинада соғысу үшін түрмелерге жылу берілмеген
Ресейде сотталғандар Украинада соғысу үшін түрмелерге жылу берілмеген, ал аймақтарында ауа температурасы -35°С дейін төмендеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Владимир Путин суық ауа райын Украинадағы әлсіреген әскер қатарын толықтыру үшін пайдалануды ұйғарған көрінеді, деп жазады BILD телегарм арнасы.
Көптеген колонияда тұтқындар соғысқа баруға дайын болу үшін жылуды өшірген.
«Осы себепті олар нөлден төмен температурада жылытуды өшірді. Осылайша түрмедегі ер адамдар Украинаға баруы үшін адам төзгісіз жағдай жасалған. Ресейде халықтың үш тобы бар, оларға майданда қаза тапқанда жанашырлық танытпайды: сотталғандар, Мәскеуден алыс кедей аймақтарда тұратын [ұлттық] азшылықтар және жаңа азаматтар. Осы үш топ Украинада соғысып, өліп жатқанда, Путин қалғандарына қалыпты жағдай жасағандай кейіп танытады. Жалпы алғанда, тұтқындар бөлімшелері айтарлықтай шектеулі, мұны біз қазіргі майдандағы оқиғалардан байқаймыз. Тұтқындар жаппай Украинадағы майдан шебіне жіберіліп, сол жерде құрбандыққа шалынады», - дейді «Русь Сидящая» жобасының негізін қалаушы Ольга Романова.
Романованың айтуынша, Ресей түрмелерінде жасақталған тұтқын әйелдердің де саны артып келеді.
Қазір Украинада 1000-ға жуық ресейлік әйел соғысып жатыр.