Reuters: Хамас екі жыл бойы әскери жоспарларын жасырған

9 қазан 2023 15:05 / Мир

Хамас екі жыл бойы өзінің әскери жоспарларын жасырып, Израильді соғыспайтынына сендірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Reuters жариялады. 

Израиль билігі Газалықтарға экономикалық мүмкіндіктер беру арқылы әлсіреген ХАМАС-ты ұстаймыз деп есептесе де, содырлар шабуыл жасауға дайындалып, кейбір жерде оны жасырмай істеген, деп жазады агенттік хабардар дереккөздерге сілтеме жасап.

Сонымен қатар, содырлар Газадағы израильдік елдімекеннің макетін тұрғызып қойып, онда олар десанттардың қонуын жаттықтырған және шабуыл операциясына дайындалған, тіпті жаттығуларын видеоға түсірген, деп қосады Reuters.

Нәтижесінде, дұрыстап ойластырылған жалған ақпарат тарату кампаниясының арқасында палестиналық содырлар Таяу Шығыстағы ең қуатты армияны қапы қалдырып, бульдозер, дельтаплан және мотоциклдерді пайдалана отырып, күшті шабуыл жасады.

Автор
Серіктес жаңалықтары