Роналдудан вирус инфекциясы анықталды
16 қыркүйек 2024 15:17 / Мир
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасы аясындағы «Әл-Шортаға» қарсы ойынға қатыса алмайды. 39 жастағы шабуылшының денсаулығы нашарлаған. Медициналық тексеру нәтижесінде португалдық футболшыдан вирустық инфекция анықталды. «Әл-Наср» дәрігері ойыншыға емдеу курсын жазып берді. Криштиану алдағы матчқа қатыспайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Криштиану Роналду Эр-Рияд клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның «Әл-Насрмен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған. Биылғы маусымда футболшы клуб сапында ел чемпионатында 3 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
30 қазан 2026 13:28 / Мир
Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне бармайды
30 қазан 2026 10:25 / Мир
Түркияның Каппадокия аймағында жартас опырылып, үш адам қаза тапты
29 қазан 2026 10:25 / Мир
Қырғызстанда ересектерге арналған барлық сайтты бұғаттау ұсынылды
28 қазан 2026 16:47 / Мир
Ер адам әйелін таспен ұрып өлтірген
28 қазан 2026 15:22 / Мир
Пойыздар соқтығысты: 46 адамның қаза тапқаны хабарланды
23 қазан 2026 17:28 / Мир