Sex: ЕУРО-2024 жеребе тарту рәсімінде ышқынған қыздың дауысы ойналды
Гамбургте өткен ЕУРО-2024 жеребе тартуда sex дыбысы ойналды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Келесі жылы футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтеді. Бір күн бұрын Гамбургтегі Эльб филармония залында ұлттық құрамалардың ресми жеребе тарту рәсімі өтті.
А тобына Германия, Шотландия, Венгрия және Швейцария кірді.
Олардың хабарландыруынан кейін бірден залда секске ұқсас дыбыстар қатты естілді.
УЕФА өкілдері оған бірден назар аударды, содан кейін шу басылды. Алайда бір-екі минуттан кейін ол дыбыс тағы қайталанды.
Британдық пранкер Дэниел Джарвис, Жарво деген атпен белгілі, бұл оқиғаны өз мойнына алды. Шамасы, ол рингтон ретінде орнатылған.Секс дыбысы бар телефонды залдағы микрофонның жанына қалдырып кеткен екен. Салтанатты шараның ортасында ол нөмірге қоңырау шалынған.
Осы жылдың басында пранкер ағылшын премьер-лигасының матчында BBC студиясында дәл осындай әрекет жасаған.