Солтүстік Еуропа Украинаға ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге шақырды
Скандинавиялық көшбасшылардың айтуынша, соғыс қиын сәтке жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олар Украинаға ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге шақырды. Солтүстік Еуропаның бес елінің басшылары одақтастарын Ресейдің «заңсыз және азғын» соғысына қарсы бірігуге шақырды.
Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция және Исландиядан келген хатта "Украина өзін Ресейден құр сөзбен қорғай алмайды. Соғысты қарусыз жеңе алмайды" делінген.
Бұл елдердің басшылары, сондай-ақ, жалғасып жатқан Ресейдің агрессивті соғыс жағдайында «Украинаға ұзақ мерзімді саяси, қаржылық, әскери және дипломатиялық қолдау көрсетуге міндеттемені екі есе арттыру керек» деп атап өтті.
Қазір Украина мен Еуропа үшін соғыстың қиын сәті, сондықтан көмекті әлсіретуге болмайды, деп санайды солтүстік Еуропа елдерінің басшылары.
Олар Киевке толық қолдау көрсетуді жалғастыруға уәде беріп, одақтастарын да солай етуге шақырды.