Сот шешімі: Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары ЕО-дан баспана сұрай алады

19 қаңтар 2024 5:18 / Мир

Еуропалық Одақ соты әйелдерге өздерінің туған елінде жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қамтитын «гендерлік физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық» қаупі бар болса, босқын мәртебесін алуына болады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
2018 жылы Болгарияға өзін соққыға жыққан бұрынғы күйеуінің қоқан-лоққысынан өз өміріне қауіптеніп келген күрд текті түрік әйелінің  арызы қаралған.  Бірақ Болгарияда әйелге үйдегі зорлық-зомбылық қорғауға себеп болып саналмайтындықтан бас тартқан.
 
Еуропалық сот басқаша шешім қабылдады.

«Бұл әйелдерді тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған өте маңызды шешім», - деді Еуропарламент депутаты Терри Рейнтке DW-ге.

Онда «ЕО еуропалық төлқұжаты жоқ әйелдерді де өз еліндегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауы керек» екені анық жазылған.

Серіктес жаңалықтары