Шотына миллион еуроға жуық ақша аударып жоғалып кеткен
Швейцарияда шаңғы орталығының 75 жастағы директоры өз шотына миллион еуроға жуық ақша аударып, жоғалып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Аты аталмаған басқарушы директор 20 жыл бойы Берн маңындағы шаңғы орталығында қызмет атқарды.
Ол жақында компанияның шотынан жеке шотына ақша аударған. Осылайша ол 900 мың швейцариялық франк немесе миллионға жуық еуро ұрлап үлгерген.
Басқарушы клубтың қазынасына алғаш рет 2022 жылдың шілдесінде қол жеткізді. Кейде ол өзіне салыстырмалы түрде қарапайым 20 мың франк, ал кейбір жағдайда бірден бірнеше жүз мың франк аударып отырған. Алаяқтық таяуда ғана тау шаңғысы орталығындағы тексеру кезінде анықталды.
Клубтың басқарма мүшелері оның жұмысын әрқашан жоғары бағалайтынын атап өтті: олардың айтуынша, ол жұмысын мінсіз орындаған.
«Ақшаны қойшы, бірақ оның сенімімізді ақтамағанына қынжылдық. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз, жұмысты бірге істедік», - деді шаңғы клубының президенті Кристоф Вютрих.
Алаяқтық әрекеті белгілі бола салысымен, 75 жастағы директор қашып кеткен.
Оны қазір Швейцария полициясы іздеп жатыр.