Тәліптер әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салды

20 қыркүйек 2025 10:25 / Мир

Тәліптер университет бағдарламаларында әйелдер жазған барлық кітаптармен оқытуға тыйым салғанын жариялады. Сонымен қатар адам құқықтары мен жыныстық зорлық-зомбылық сабақтарын оқытудан бас тартты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Талибанда 680-ге жуық басылым «алаңдаушылық тудыратын» кітаптар тізіміне енген. Олардың 140-ын әйелдер жазған. Биліктің пікірінше, бұл кітаптардың мазмұны шариғат қағидаттары мен жаңа жүйенің саясатына қайшы келеді. Жоғары оқу орындарына ресми идеологияға «тура келмейтін» 18 пәнді жүргізуді тоқтату туралы нұсқау берілді.

Тәліптер бұл қабылдаған шешімдері арқылы «әйелдердің құқықтарын құрметтейтінін» айтты.

Оқу басылымдарын тексеру жөніндегі комиссияның өкілі үкімет жанындағы Әділет министрінің бұрынғы орынбасары Закия Аделидің еңбектерін де тексеріп шықты.

Ауған әйелдерінің шығармаларынан басқа, университет бағдарламаларынан ирандық авторлар мен баспалардың материалдары да алынып тасталады.

Серіктес жаңалықтары