Техаста әйел шіркеу ішінде оқ жаудырды
13 ақпан 2024 10:00 / Мир
Хьюстонда полицияның екі қызметкері жексенбі күні АҚШ-тағы ең ірі евангелиялық шіркеулердің бірі Лейквуд ішінде оқ жаудырған әйелді өлтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform Reuters-ке сілтеме жасап жария етті.
«Жанына шамамен 5 жасар баланы ертіп келген шамамен 30 жастағы қарулы әйел шіркеуге кіріп, оқ жаудырды», - деді жексенбі күні тілшілерге Хьюстон полициясының басшысы Трой Финнер.
Оның айтуынша, әйел испан тілінде ғибадат етуге дайындалып жатқан шіркеуде ешкімге зиян келтірмес бұрын өлтірілген. Екі адам жарақат алды, оның ішінде әйелмен еріп келген бала бар.
Бала ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы өте ауыр. Ер адам аяғынан жарақат алып, қазір ем алып жатыр.
15 қыркүйек 2026 16:20 / Мир
Индонезиядағы жоғалған паром табылды: Адамдар іздестіріліп жатыр
14 қыркүйек 2026 15:32 / Мир
Жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті
9 қыркүйек 2026 10:36 / Мир
Мешітте баласының еміне деп қайыр сұраған әкенің сөзі жалған болып шықты
7 қыркүйек 2026 16:30 / Мир
Қар көшкінінен 11 альпинист көз жұмды
7 қыркүйек 2026 15:12 / Мир
Жантүршігерлік ұшақ апатынан 5 адам опат болды
7 қыркүйек 2026 14:24 / Мир