Тихановская Беларусьтегі сайлауға бойкот жариялауға шақырды
Светлана Тихановская Беларусьтегі парламент және жергілікті кеңес сайлауын жалған деп атап, оған бойкот жариялауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Бүгін Беларусь режимі өткізіп жатқан «сайлау» ешқандай демократиялық стандарттарға сәйкес келмейді және өз азаматтарына, конституцияға және парасаттылыққа қарсы әскери операцияға ұқсайды. Мен белорустарды және халықаралық қоғамдастықты үзілді-кесілді бұл фикциядаан бас тартуға шақырамын», - деді Светлана Тихановская әлеуметтік желіде жарияланған видео үндеуінде.
Айта кетсек, Александр Лукашенко Беларусь билігін 30 жылға жуық басқарды. 2020 жылғы президент сайлауына дауыс бергеннен кейін елде жаппай наразылық шерулері өтіп, мыңдаған адам қамауға алынды. Сайлау науқанына қатысушылар Сергей Тихановский мен Виктор Бабарико әлі түрмеде отыр. Лукашенко биыл президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді.
Тихановская кейін Twitter-де: "Ол өзіне өзі тәж кигізсін. Қалай болғанда да, ешкімді алдау мүмкін емес" деп жазды.