Тихановская Германияға Лукашенко режиміне қарсы санкцияға ұсыныс берді
Тихановская Германияның СІМ басшысы мен экономика министріне Лукашенко режиміне қарсы санкциялар енгізу туралы ұсыныс беріп, Германиядағы белорустарды заңдастыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Светлана Тихановская Германияның экономика министрі Роберт Хабекпен және Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен келіссөз жүргізді.
Хабекпен кездесуде Тихановская Лукашенко режимінің санкцияларды қалай айналып өтіп жатқаны туралы құжаттарды және осы мәселені шешу бойынша ұсыныстарды тапсырды.
Ол, сондай-ақ, жасыл технология саласындағы беларусь сарапшыларының жұмысына қолдау көрсетуге шақырды.
Светлана Тихановская Бербокпен Германияда туылған белорус балаларын заңдастыру мәселесін талқылады.
Министрдің айтуынша, Германияда орналасқан белорустар үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша нұсқаулық Германияның мемлекеттік органдарына жіберілген.