Трамп TikTok бойынша мәміле жөніндегі жарлыққа қол қойды
26 қыркүйек 2025 11:36 / Мир
Трамп TikTok бойынша мәміле жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дональд Трамп америкалық инвесторларға TikTok қосымшасын сатып алуға және оның АҚШ-тағы жұмысын бақылауға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды.
«Бұл енді толықтай америкалық кәсіпорын болады. Қытай Төрағасы Си Цзиньпинге құрметім шексіз және құжатты мақұлдағаны үшін алғыс айтамын. Себебі мәмілені дұрыс аяқтау үшін бізге Қытайдың қолдауы өте маңызды болды», – деді Трамп.
Мәміленің негізгі шарттары келісілгенімен, оған нақты кімдердің қатысатыны әзір белгісіз. Трамптың сөзінше, мұнда Oracle компаниясы мен оның тең құрылтайшысы Ларри Эллисон маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ жобаға кәсіпкер Майкл Делл мен медиамагнат Руперт Мердок та қатысады.
30 қазан 2026 10:25 / Мир
Түркияның Каппадокия аймағында жартас опырылып, үш адам қаза тапты
29 қазан 2026 10:25 / Мир
Қырғызстанда ересектерге арналған барлық сайтты бұғаттау ұсынылды
28 қазан 2026 16:47 / Мир
Ер адам әйелін таспен ұрып өлтірген
28 қазан 2026 15:22 / Мир
Пойыздар соқтығысты: 46 адамның қаза тапқаны хабарланды
23 қазан 2026 17:28 / Мир
Трамп Конституцияға қарамастан үшінші мерзімге президент болуға ниетті екенін мәлімдеді
22 қазан 2026 15:19 / Мир