Транс адам түрмедегілерге сексуалдық әрекет жасады деп айыпталды
Германия түрмесінде жазасын өтеп жатқан транс адам тұтқындар мен қызметкерлерге сексуалдық зорлық жасады деп айыпталуда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Freie Presse газетінің хабарлауынша, негізгі жыныстық белгілері ер трансгендер әйел басқа тұтқындармен жыныстық қатынаста болған, ал кейбіреулер оған душ гелі, кофе немесе темекі сияқты кішігірім сыйлықтар беріп, жыныстық қатынасқа түсіруге тырысқан.
Түрме басшылары мұндай оқиғалардан бейхабар екенін айтты.
Газет тұтқындардың жазған хаттарынан үзінді келтіреді.
Сонымен бірге, газеттің жазуынша, транс адам өзінің жыныс мүшесін көрсету арқылы түрме қызметкерлеріне қауіп төндірген.
Хемница түрмесінде тұтқындар жеке камерада тұрады, бірақ бір-бірімен араласуға мүмкіндігі бар.
Жалпы, түрмеде 250-ге жуық әйел отыр, олардың арасында қылмыскерлер мен лаңкестер де бар.