Түркия Иранмен шекарада қабырға тұрғызып жатыр

7 қараша 2024 17:34 / Мир
Фото: Anadolu ajansı

Ван провинциясындағы Түркия-Иран шекарасында қауіпсіздікті күшейту үшін бетон қабырға құрылысы мен арықтар қазу жұмыстары жалғасуда. Түрік күштері қолда бар заманауи технологияларды пайдалана отырып, бұл аумақты қадағалап, шекараны заңсыз кесіп өтуге жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдап отыр. Бұл бекіністердің мақсаты – заңсыз мигранттар мен контрабандашылардың кіруіне жол бермеу, сондай-ақ Түркияның шығыс шекарасы бойындағы қауіпсіздікті нығайту. Шекараны бақылау және қадағалау үшін физикалық кедергілерден басқа заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түрік шекарашыларының бақылау камералары, түнгі уақытта қозғалысты анықтауға көмектесетін тепловизорлар және әуеден патрульдеуге қажетті ұшқышсыз ұшу аппараттары бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұл шаралар шекарада тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Шекараны заңсыз кесіп өтуді, соның ішінде көші-қон, контрабанданы және заңсыз қарулы топтардың ықтимал қауіптерініңалдын алу үшін бетон қабырға мен арықтардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл аймақтың ұзындығы шамамен 300 км және ол қазірдің өзінде Түркияның шығыс шекарасындағы маңызды бақылау нүктесіне айналды.

 

 

Серіктес жаңалықтары